2021 жылғы 14 мамырдағы Теректі ауданы әкімінің №108 өкімімен ЕРСАЙНОВ Жалғас Нұрланұлы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалды.
 
ЕРСАЙНОВ Жалғас Нұрланұлы-  1993 жылы Сырым  ауданының Тоғанас ауылында дүниеге келген. Үйленген, бір ұл тәрбиелеп отыр. Ұлты қазақ. Жоғары білімді. «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. 
 
Еңбек жолын  2015 жылы  Теректі ауданы Ұзынкөл  ауылында «Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде статист   болып бастаған. 
 
2015-2018 жылы Теректі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Ұзынкөл ауылдық округі бойынша  жастармен жұмыс жөніндегі маманы.
 
2018-2019 жылы Теректі ауданы,  Ұзынкөл ауылдық округінде «Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.
 
2019 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін «Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 
 
Жаңа әкімді ұжымға аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.