Ұзынкөл ауылының тұрғындарында үлкен қуаныш. Тура бір жыл бұрын шағын футбол алаңы ашылған болатын, ал енді  балалар саябағында керемет Street Workout және балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті. Саябақ іші жарықшамдармен жарықтандырылып, резиналық төсеніш төселіп, көпшілік демалатын орындықтар, балаларға арналған әткеншектер, сырғанақтар, стрит воркаут т.б. ойын құрылғылары орнатылған. Тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеріп, жасөспірім балалардың спортпен айналысуына қолжетімді жағдай жасау қазіргі таңда өте маңызды болып келеді. Енді Ұзынкөл ауыл жас жеткіншектері осында келіп, уақыттарын тиімді өткізе алады. Жалпы аумағы 260 шаршы метрді алып жатқан алаңда бүлдіршіндер күнімен-түнімен ойнап қуаныштарында шек жоқ. Ата-аналалар да өте риза.