Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады. Төменде нұсқаулық көрсетілген.

 

eGov.kz портал арқылы:⠀

1. Сізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтіңіз⠀

2. «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін ашыңыз⠀

3. «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз⠀

4. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀

5. Аударымдар туралы анықтама қандай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетіңіз⠀

6. ЭЦҚ арқылы қызметке қол қойыңыз және анықтама 20 минут ішінде дайын болады.

 

eGov mobile қосымшасы арқылы:⠀

1. Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз⠀

2. «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табыңыз⠀

3. Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз⠀

4. Қажетті кезеңді көрсетіңіз⠀

5. ЭЦҚ немесе СМС көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады.⠀

 

@Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-бот арқылы:

1. @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-ботын табыңыз⠀

2. Мәзірден «Қызметтер» бөлімін таңдаңыз⠀

3. Содан кейін мессенджер арқылы «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табысты ескере отырып)» бөлімін таңдаңыз⠀

4. Өз атыңызды жіберіңіз⠀

5. Телефон нөміріңізді жіберіңіз⠀

6. Қажетті кезеңді көрсетіңіз⠀

7. SMS арқылы сізге келетін кодты жіберіңіз⠀

8. Бірнеше минут ішінде анықтама дайын болады. Сіз оны жүктей аласыз немесе поштаңызға бағыттай аласыз.⠀ ⠀ Қажетті анықтамаларды үйден шықпай-ақ алыңыз!