Құрметті Ұзынкөл ауылының тұрғындары мен қонақтары!

 

Біздің Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық әкім аппаратының ресми интернет - ресурсына қош келдіңіздер!

 

Қазақстан Республикасының «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» бағдарламасын жүзеге асыруда ИНТЕРНЕТ - РЕСУРСЫ алғашқы қадамдардың бірі болып саналады.

Ресми интернет-ресурсы жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың округ тұрғындарымен ынтымақтастықта өзара іс-әрекет етуге ықпал етіп, тиісті мәліметтер алуды жеделдетіп, жақсартатын ақпараттық құрал болып табылады.

Экономиканың жетекші секторларының қарқынды өсуі денсаулықты, білім мен мәдениетті дамытудың маңызды әлеуметтік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруға, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын тұрақты түрде арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің веб-сайтта орналастырылған ақпарат  ауылдын мәдени өміріне, оның әлеуметтік және экономикалық жағдайына, инвестициялық мүмкіндіктеріне және одан әрі даму перспективалары туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Сіз мемлекеттік органдардың құрылымы туралы толық ақпарат ала аласыз, мемлекеттік қызмет көрсету стандарт пен регламент талаптарымен таныс боласындар.

ИНТЕРНЕТ - РЕСУРСЫ егеменді еліміздің өркендеп өсіп, дамылсыз дамуына зор ықпал етіп, қоғамдағы әртүрлі түйінді мәселелерді шешу үшін шұғыл түрде пайдаланатын ақпарат көзі екеніне сенім білдіре, жергілікті тұрғындарды ауылымыздың әлеуметтік-экономикасы көркейіп, гүлденіп өсуіне атсалысуға шақырамын.  Сонымен қатар  ауылымызда жаңашыл құқықтық, рухани, мәдени орта қалыптастыру барысында береке-бірлікте болатынымызға кәміл сенемін!

 

Құрметпен, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімшілігі


 

Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Н. Ерсайновтың 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы

ауыл тұрғындары есеп беру  баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

         Ұзынкөл ауылдық округі  облыс орталығынан  45 шақырым, аудан орталығынан - 75 шақырым қашықтықта орналасқан. Округке қарасты  жер аумағы 25271 га., соның ішінде пайдалып жатқан егіндік жер  7708 га, шабындық және жайлымды жер-4850 га.  Округте орналасқан елді мекен саны-1,  2022 жылдың 1 қаңтарына аула саны-222, халық саны-864 адам.  Ұлттық құрамы: қазақтар- 755, орыстар-68 , украиндар -13, татарлар-3, басқа ұлт өкілдері- 25адам. Соның ішінде: экономикалық белсенділері-456, зейнеткерлер-128 адам, бюджеттік мекемеде жұмыс жасайтын – 128, жеке мекемелерде – 27 адам, мүгедектер-23, мектеп оқушылары 134, 25 балабақшада тәрбиеленушісі, 37 студент, 7 жұмыссыздар есебінде тіркеуде тұрғандар.  

Бюджет және салық: 2021 жылы округ бюджеті 36 млн 134 мың теңге құрады, соның ішінде көшелерді жарықтандыруға 1 млн теңге 753 мың бөлініп,  толықтай игерілді. Әкімшіліктің ғимараты және көше жарықтандыруы толықтай электр жарықтандыруы мен энергия үнемдейтін есеп құрылғыларына  көшіру жөнінде жұмыстары жүргізілді. Әкім аппаратының қызмет етуі бағдарламасы бойынша – 25 млн 531 мың теңге. Жеке тұлғалардан жиналатын мүлік және жер  салығы 27649 тг құрады,   көлік салығы    676 мың теңге, жоспар 703 мың теңге - 96% орындалды. 8 млн тенге транферт балалар саябағын жаңартуға жұмсалды, 700 мың теңге ауылішілік жолдарды тазалау қызметіне игерілді. Мердігер ЖК «Нұрасыл»

Әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту: Жыл бойына жұмысқа орналасқадар саны - 20, кәсіптік оқуға жіберілгендер саны- 10, Бастау-Бизнес бағдарламасы бойынша оқып, сертификат алған 1 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-16, жұмыспен қамту орталығына жолықандар саны- 93,  жастар тәжірибесіне қатысқандар- 4 адам. 2022ж. округте 5 отбасы, 19 адам аз қамтылған отбасы есебінде тұр.   Атаулы әлеметтік көмек (АӘК) Округ бойынша 2 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Олардың қарауында 6 зейнеткер.      

Агроөнеркәсіптік кешен: Округ бойынша 2-ЖШС, 5-ШҚ, 12ЖК тіркелген. Соның ішінде 4-кәсіпкер тамақ өнімдерін сатумен айналысады.

Ұзынкөл округі бойынша: 2021 жылы округіміздің ЖШС мен ШҚ-тарымен  жалпы егілгені  – 1225 га,  Соның ішінде күздік қара бидай – 310га , арпа – 320га, жазғы ақ бидай  - 250 га. Ұзынкөл округі бойынша : ІҚМ – 562, қой мен ешкі-2265 , жылқы-551, шошқа -  11, құс  –1491. «Қара-бұлақ» шаруа қожалығы, «Ұзынкөл-жайлау» ауыл өндірістік кооперативы тұқымды түрлендіру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. ЖШС мен ШҚ-тары аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмектерін, мәдени-көпшілік шараларды өткізуге демеушілік көмектерін үнемі көрсетіп отырады.    

   Ветеринарлық жағдай округ бойынша қалыпты. Ветеринарлық егу жұмыстары, жоспар бойынша толықтай атқарылды.Бруцеллезге шалдыққан   бас  ІҚМ – 15 бас, барлығыда санитарлық талаптағы сойылуға тапсырылды. Ағымдағы жылы  200 бас ІҚМ, 608 бас ҰММ сырғаланды, 120 бас жылқы және 10 бас иттерге чиптер орнатылды.

Округтегі ЖШС-тер ШҚ-тар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесіне белсенді қатысып тұрады.

Шағын орта бизнес 2021 жылы грант алушылар қатарынан және ауыл азаматтарының қатысуымен  жиналыс өткізіліп, «Ұзынкөл жайлауы» ауыл өндірістік кооперативі құрылды. Жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қастушылар қатарынан 12 ауыл тұрғыны  7 000 800 теңге грант алды (1 адамға 583400 теңге). Соның ішінде 10 адам 5 834 000 теңгеге Павладар облысынан әкелінген   сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдарын алса, 1 адам  583 400 теңгеге бройлер балапандарын алып өсірді. Қалған 1 азамат  2 бас жылқы малын сатып алып, қазіргі таңда ауылдық округте тұрғындардың жылқы бағымын ұйымдастырып, өз кәсібін жүргізуде. Алдағы уақытта «Ұзынкөл жайлау» АӨК мүшелері 2021 жылы Павлодар облысынан әкелінген асыл тұқымды мал басына 200 мың тг, барлығы 2 млн тг көлемінде субсидия алып, өз кәсіптерін одан әрі дамыту мақсатында  алдағы уақытта  ауыл шаруашылығы жерлерін және техника алып қызмет етуді жоспарлап отыр.       

Денсаулық саласы: Халықтың денсаулығын сақтауды бірінші орынға қойылуы, мемлекет барлық санаттағы адамдарға үлкен назар аударады.  Округімізде 1 медициналық пункт орналасқан, онда 1 фельдшер, 1 медбике және 1 кіші медқызметкер халыққа қызмет көрсетеді. 2021 жылы округіміздің 387(2020 - 400) тұрғыны флюрографиялық тексеруден өткізіліп. Онкологиялық аурумен есепте тұрған - 6 адам жәнк туберкулез ауруына шалдыққан ем алып жүрген науқастар  саны- 2 адам. Диабет 1 тип – 11адам, дибет 2 тип – 2 адам, АД (қан қысымы) – 36, ИБС (ишемическая болезнь сердца) – 24 адам. Короновирусқа қарсы вакцина алған 1 этап 392 адам, 2 этап 385 адам.

Ұзынкөл жалпы білім беретін орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында 134 оқушы білім  алуда.    Мектепте 37 мұғалім оқушыларға білім береді. Бекей ауылынан келіп оқитын 4 оқушы. Бастауыш сынып оқушылары, аз қамтылған, көп балалы, Бекей ауылынан тасымалданатын оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылады. 

Ұлттық бірыңғай тестілеу: 2020-2021 жж аралығында Ұзынкөл ЖОББМ бойынша 8 мектеп түлегі ҰБТ тапсырды, 4 түлек грант және 4 түлек кредит бағдарламасына ие болды.

Ұзынкөл мектебі ғимаратының жанында 40 орындық «Бүлдіршін» бөбекжайы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда сәбилердің 2-тобында 25бала тәрбиеленуде, бала саны аз себебі жылыту жүйесі жөндеуді талап етеді.  Штат бірлігі бойынша 20 қызметкер қызмет етеді.

Атқарылған жұмыстар 2021 жылдың 9 маусымында «КазТВИ» жеке кәспкермен келісім-шарт жасалып, ағымдағы жылдың 26 шілдесінде  «Балалар  саябағында» балалар алаңы мен көше workout кешені салынып актпен қабылдау комиссиясына тапсырылды, келісім-шарттың жалпы сомасы 8 млн теңге, бұл балалар, жасөспірімдер үшін үлкен қуаныш, спортпен шұғылдануға болатын орын болды, нәтижесінде мини-футболға арналған қоршалған спорт алаңын ескере отырып, көше спорты лайықты деңгейде қамтамасыз етілді.

Әкім аппараты қызметкерлерінің, қоғамдық қызметкерлердің, ауыл тұрғындарының күшімен ауылдың оңтүстік-батыс шетінде иесіз қоқыстың үлкен көлемін жинау екі жүк автомобилі мен тиегіш (погрузчик) демеушілер көмегімен тартылып аумағы толықтай тазартылды.  Барлық сенбіліктер уақытында өткізіліп, ауыл тұрғындарымен 2 рет зираттар аумағы жиналды. Ауылдың көшелерінде 5 жерде пластикалық бөтелкелерді сақтайтын жәшіктер ауыл көшелеріне орнатылған. Барлық тұрғындармен, барлық ұйымдар айлыққа белсенді қатысады. «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясы шеңберінде 150 жасыл көшет (вязь) 2 шырша және гүл көшеттері  балалар саябағы, Ұзынкөл ЖББОМ, «Бүлдіршін» бөбекжайы, әкім аппараты ғимараты ауласына отырғызылды.

Құқықтық тәртіп. Ұзынкөл ауылдық округі бойынша бір учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасап келді, аталған қызметкер Жана Өнір ауылынан қажет болған жағдайда келеді. Округте өткізілген мәдени іс-шараларда кезекшілік ұйымдастырылады. Ауылдың мал бағымы екі қоғамдық табында және 2 жақта қой бағымы бағыттары ұйымдастырылды (1 ІҚМ-1500,1300тг және 1 қой – 400 теңгеге бағылады). Ауыл тұрғындарымен түсінік әнгемелер жүргізілді, ауылдық қоғамдық чаттарда ескерту хабарламалар таратылды. Осы күнге дейін 3 айыппұл екі жеке тұлғаға салынды, жалпы соммасы 98 000 тенге, 4 жеке тұлғаға ескерту берілді, қараусыз мал жүргені фактілер анықталған жағдайда ауыл тұрғындары ватсап желісінде құрылған чатт арқылы ауыл әкімдігіне дереу хабарлайды, учаскелік инпектормен бірлесіп тиісті әкімшілік шаралар қабылданады, «Каравай» шаруа қожалығы   меморандум жасақталды. Алдағы уақытта яғни ІҚМ және жылқы малының егінге түсуін болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы жерлерінде айыппұл тұрағын жасақтау жоспарланды. Ауылда қараусыз жүрген иттер аулау жұмыстары жүргізіліп, 17 қанғыбас иттер қамалып, қалада орналасқан питомникке жолданды. 2021 жылы округ бойынша құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Коммуналдық шаруашылық сала Газ мәселесі бойынша қазіргі таңда газға қосылған үйлер жалпы саны -179.  округ бойынша  тұрғын үйлердің табиғи газға қосылуы 88% құрайды.

    Округіміздегі өзекті мәселелердің бірі бұл халықты ауыз сумен қамту. «Теректі Таза Су» ЖШС теңгерімінде, судың беруі қазіргі уақытта жақсы. Субсидия беріліп, ауыз судың бағасы 1м3 - 30 теңге, пайдаланылатын су көлемі қыста 600м3, жазғы мезгілі – 1000м3 .  Сонымен қатар 2021 жылы сәуір айында тұрғындарды техникалық сумен қамтамасыз ету мақсатында жиналыс өткізіліп, жиналыс барысында нақты ақысы, дәнекерлеу және моторды қосып айыруға азаматтар белгіленіп, жазғы мезгілде 115 аула тұрақты түрде техникалық сумен қамтамасыз етілді.      Округте 158 телефон нүктесі қосылып, пайдалануға берілсе, соның ішінде: 152 жеке тұлғаларға, 6 заңды тұлғаларға. Ауылдық округ АКТИВ ұялы байланысымен және 3G интернетпен қамтылған. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арқылы 61 түрғын үй интернетпен қамтылған.

Мәдени шаралар Мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге, әлеуметтік, қоғамдық тақырыптарға арналған мәдени шаралар білім беру, ауылдық клуб, жастар қоғамдық бірлестігі  және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп  өткізіледі.  Жеңіс күніне  «Біз  Жеңісті жырлаймыз»- атты  мерекелік шара  өткізілді.  Қайрымдылық күніне ауыл ақсақалдарына  «Менің жасым –менің байлығым» атты мерекелік  концертті өткізіліп, дастарқан жайылды. ҚР Тәуелсіздігінің  Ересектерге арналған шырша «Бал Маскарад» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, Аяз ата мен ақщақар балаларға үйлеріне сыйлық таратты, соның ішінде жағдайы төмен жанүялардағы балаларға сыйлықтар демеушілер көмегімен   алып берілді.

Ауылдық кітапхананың қоры 18250 кітапты құрайды. 2021 жылы тұрақты оқырмандар саны 425 адам, 3195 рет оқырмандар кітаптарды алған, кітап қоры қазақ, орыс тілдеріндегі кітаптармен ұсынылды, қор мерзімді басылымдар мен қазіргі заманғы әдебиеттер бойынша оқырмандардың қызығушылығын арттыруды талап етеді.

 Ұзынкөл округі бойынша  қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты.  Наразылық акциялар, еңбек даулары, саяси шаралар орын алған жоқ. Діни ахуал тұрақты және шиеленіссіз. Жыл бойы бірнеше рет аудан орталығынан теолог мамандар келіп, мектеп оқущылары, ауыл жастарымен кездесіп, дөңгелек үстелдер өткізілді. Алдағы жылда бұл жұмыстар жалғасын табады. 

 

2022 жылға жоспар

 

2022  жылға барлық бағыттар бойынша жоспар құрылды, сол жұмыстарды атқаруға бәріміз жұмыла жұмыстануымыз қажет, оның ішінде ең маңыздысы:

-  Ауыл тұрғындарын тұрақты электр жарығымен қамтамасыз ету және қысқы мезгілде электр жарыгының сөніп қалуын алдын алу мақсатында, ауылдың ішкі электр желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізіп, үнемі қатаң бақылауда ұстау.;

- 6 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу;

- Мектепті, бөбекжайды күрделі жөндеуден өткізу;

- Кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар санын көбейту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықты азайту;

- Ауыл көшелеріне бейне бақылау және түнгі мезгілде жарықтандыруға қосымша 10дана электр шамдарын орнату;

  • Ауыл шетіндегі ҚТҚП аббаттандыру жұмыстарын жүргізу.