Батыс Қазақстан Облысы Әкімінің тапсырмасына сәйкес, ұжымдық бау-бақшаларды жандандырып жатырмыз!

Көктем келісімен ауылдағы және қала маңындағы тұрғындар  өз үй-жайларының маңына бау-бақша егу жұмыстарына кірісіп кетті.

Өңір тұрғындарын жыл бойы жеміс-жидекпен қамтамасыз ету мақсатында, аудандар және Орал қаласының әкімдіктері мен еңбексүйгіш тұрғындар ұжым болып бау-бақша өсіруді қолға алуда. Өйткені, бірліктің арқасында атқарылған жұмыстардың әрдайым жемісті болатыны белгілі.

Біздің сүйікті мекенімізде шет қалмады.  Алдымен  ұжымдық көкөніс бақшаларына арналған су көзіне жақын бос жерлер анықталып, Каравай және Солодовников шаруа қожалықтарының  ат салысуымен жырту жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнде 1 Га ұжымдық жер дайындалып, қажетті 10 қап картоп, дизель отыны қамтамасыз етілді. Ұжымдық егіс жұмыстарына әкімдік және «Бүлдіршін» бөбекжайының қызметкерлері қатысты.
Ауыл тұрғындары үшін бос жыртылған жер бар, мұнда кез келген адам  жеміс-көкөніс дақылдарын отырғыза алады.

Ұжымдық бау-бақша салудың мақсаты – тұрғындарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, табиғи өнімдерді тұтыну, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу болып табылады.

Қыстың қамын жазда ойла демекші, жаз бойы баптаған бау-бақшаның мол өнім берер деп үміттенеміз.