2020 жылдың 9 мамырында Ұзынкөл ауылдық округінің активі және Ұзынкөл ауылының орта мектебінің жұмысшылары Жеңіс күніне орай ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар ауыл әкімі Р.Ихсанов, бас маман Ерсайнов Ж., клуб менгерушісі Погребная И.В., кітапханашы Салимгереева С., жастар жетекшісі Мухсинова М., АО «Казпочта» операторы Туякова И. Ұзынкөл ауылында тұратын тыл ардагерлердің үйіне барып, Теректі ауданының әкімі Жоламанов Әділ Тауфикұлы және Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Ихсанов Руслан Серғалиұлы атынан медальдар мен алғыс хаттар табыстады. Біздің тыл ардагерлерімізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз! Ардагерлерге ашық аспан үшін рахмет! Біз сіздерді әрдайым еске алып, құрметтейміз! #Qaharman