Біздің тұрғындар үшін көтерме бағамен өнімді жеткізу!

 
Осы қасиетті Рамазан айында қажет тауарлардың қымбаттауына байланысты Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Ихсанов Руслан Серғалиұлы бастаған біздің еріктілер Ұзынкөл ауылының тұрғындарына жеткізушілерден көтерме бағамен ұн, күнбағыс майы мен картоп сатып алуға көмектесуге ниет білдірді. Мұндай көмек барлығымыз үшін қиын уақытта өте жоғары бағаланады.

 

Қайырымдылық шаралары мен іс-шараларға қатысатын барлық ауыл еріктілеріне алғысымызды білдіреміз, әсіресе ауыл тұрғындарына тапсырыс жинауға және үйлеріне тамақ әкелуге көмектесуге келіскен Салимгереева Саида мен Байгалиева Ляззатқа алғысымызды шексіз. Біз бұл індеттің тез аяқталғанын қалаймыз және қайтадан еркін дем алып, еркін қимылдап, еркін өмір сүретін боламыз! Барлық тұрғындарға денсаулық, отбасыларыңызға жылу мен мейрім тілейміз! Аман болайық ағайын!