Қазіргі таңда елімізде төтенше жағдай енгізілгені бәріңізге мәлім.

Осы қиын қыстауда көп отбасы көмекке зәру. Осыған орай Федоровка қазақ орта жалпы білім беретін мектебінің 2014 жылғы түлектерімен сынып жетекшісі Злиева Айман Насенқызы "Жақсылық жасап жарысайық" акциясы аясында челлендж бастады. Осы челленджде көп балалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде керекті азық - түліктермен қамтамасыз етті. Олардың арасына Ұзынкөл ауылының 4 аз қамтылған отбасы кірді. Жастар біздің ауылға келіп 4 отбасының үйлеріне денсаулық тілеп азық-түлік акеліп табыстады. Тұрғындар осындай қайырымдылық іс-шара бастаған мейрімді жандарға алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта осы челлендж жалғасын табады деп үміттенеміз. Біз біргеміз!!! @terekta_jastary   @aqjaiyqjastary