«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен кездесулерін өткізу туралы» мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бұл күндері бүкіл республикамызда тұрғындар алдында есеп беру кездесулері барлық деңгейдегі әкімдермен өткізіледі.

Осыны ескере отырып, алға қойылған барлық міндеттерді Ұзынкөл селолық округі әкімінің аппараты өз жұмысын атқаруда. Халқымыздың өсіп-өркендеуі, бейбітшілік, экономикалық және саяси тұрақтылық, көршілермен жақсы тату қарым-қатынас, бұл - Қазақстанның тәуелсіз жылдарында құрылған ерекшелігі. және біз онымен мақтанамыз.
Осыған орай 2020 жылдың 20 қаңтар күні Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Ихсанов Руслан Сергалиұлының есебі өткізілді. Жиында аудан және ауыл әкімдерінің ауданымыздың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы және атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды. Есеп кездесуіне Теректі ауданының әкімі Жоламанов Әділ Тауфикұлы және бірнеше бөлім басшылары қатысты. Бұл жиналыста тұрғындар өз мазалап жүрген мәселелерін айтып, сұрақтарын қойып, жауапты бөлім мамандарымен әңгімелесті.


Ұзынкөл ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы Э.Карабалина