22.03.2019ж-22-наурыз- Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік концерт.


Мақсаты: 
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен , әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Мерекелік концерт ауылдық клубта өтті. Сөз алған ауыл әкімі ауылдастарын мерекемен құттықтап,шашу шашылып бата берілді. Ән,би, күймен қатар, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді. Концерттен соң , далада палау пісіріліп, бауырсақпен бірге ауыл тұрғындарына таратылды. Соңынан спорттық ойындармен жалғасымын тапты.

.